Қазақстан Ауғанстан бойынша БҰҰ аясындағы халықаралық донорлық конференцияға қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналған БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың донорлық конференциясына қатысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өз сөзінде ол Қазақстан өңірлік тұрақтылык пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсету қажеттілігін үнемі ұстанатынын мәлімдеді. Сонымен бірге еліміздің гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті.

Отандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.


Соңғы жаңалықтар