USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстан ауған халқына азық-түлік жеткізу көлемін арттыруға дайын – Елбасы

2021 жылғы 17 қараша 17:07
Бөлісіңіз:
Қазақстан ауған халқына азық-түлік жеткізу көлемін арттыруға дайын – Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ауған халқына азық-түлік жеткізу көлемін арттыруға дайын. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Саясаттанушы Елбасының елордада болуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

«Ауғанстандағы күрделі ахуалды тұрақтандыру үшін халықаралық күш-жігерді шоғырландыру маңызды. Қазақстан бұл процесс аясында маңызды орталық болуда үлкен әлеуетке ие. Біз Карзай мырзамен ол Президент болған кезден-ақ бірге жұмыс істеуді бастадық және мыңдаған ауған Қазақстанның оқу орындарында оқып, мамандық алды және еліне оралды. Үнемі гуманитарлық көмек көрсеттік және қазір де оған дайынбыз», - деп еске алды Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

ҚР Тұңғыш Президенті осы жылдың тамызында Алматыға БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясы қызметкерлерінің көшіп келгенін еске салды.

«БҰҰ да Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін Алматыда халықаралық логистикалық хаб құру бастамамызға қолдау көрсетті. Қазан айының ортасында делегациямыз Ауғанстанға барып, ауған халқына 5 мың тонна қазақстандық ұн жеткізді. Халықаралық донорларды Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және қалпына келтіруде Қазақстанды белсенді пайдалануға шақырамын. Осы тұрғыда менің Алматыда БҰҰ-ның Ауғанстанды оңалту халықаралық орталығын құру идеямның өзектілігі арта түседі. Қазақстан БҰҰ тетіктері арқылы ауған халқына азық-түлік жеткізу көлемін арттыруға дайын. Осы орайда Қазақстанда құрылған «KazAID» халықаралық даму агенттігін қарқынды іске қосу қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT