Қазақстан ауған босқындарын қабылдай ма – СІМ жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Сырты істер министрлігі «Қазақстан ауған босқындарды қабылдауы мүмкін» деген сыбысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Whats App мессенджерінде тараған Алматы немесе Шымкентке ауған босқындары келейін деп жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан да азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз. Ресми ақпаратты Сыртқы істер министрлігінен немесе жергілікті атқарушы органдардан білуге болады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде ауған босқындарын қабылдау мәселесі қаралып жатқан жоқ.

«Егер қабылдау туралы әңгіме қозғалған жағдайдың өзінде Ауғанстан аумағында ресми жұмыс істеп жатқан БҰҰ қызметкерлеріне ғана қатысты. Оның өзінде Қазақстанның билігіне ресми өтініш білдірген жағдайда», - дейді ол.

Бұған дейін А. Смадияров Ауғанстан аумағында қалып, елге қайтқысы келген қазақстандықтардың қайда хабарласуы керектігін айтты. Ресми өкілдің сөзіне сенсек, Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі жанынан арнайы комиссия құрылды.

Айта кетсек, СІМ-нің мәліметінше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы қазақтарды тарихи отанына қайтаруға көмек көрсетуді тапсырды.



Соңғы жаңалықтар