Қазақстан әуежайларында «Tax Free» жүйесі енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2022 жылдан «Tax Free» жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуроодақ, Австралия, Таиланд, Сингапур және ТМД-ның кейбір елдері -Ресей, Беларусь, Грузияның тәжірибесі бойынша 2022 жылдан бастап елімізде «Tax Free» енгізіледі», - деді «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын таныстырған ол.

Министрдің айтуынша, осындай шараның арқасында көптеген дамыған елдер сауда айналымын ғана емес, шопинг-туристердің ағынын да ұлғайтып отыр.

«PremierTaxFree», «GlobalBlue», «InnovaTaxfree» сияқты операторларды тарту мүмкін болатын өтеу республикалық бюджеттен Қазақстанның тек Астана, Алматы және Шымкенттің ірі әуежайларында ғана жүзеге асырылатын болады»,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Tax Free - бұл шетелдік азамат сатып алған затқа салынған қосылған құн салығын қайтару жүйесі.

Соңғы жаңалықтар