Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.11 EUR 424.21
RUB 5.91 CNY 56.19
Jańalyqtar

Қазақстан әуежайларында күшейтілген қауіпсіздік шаралары 10 мамырға дейін жалғасады

2019 жылғы 17 сәуір 13:23 345
Бөлісіңіз:
Қазақстан әуежайларында күшейтілген қауіпсіздік шаралары 10 мамырға дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әуежайларында авиация қауіпсіздігі күшейтілген шаралары 10 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік студент әлем жұлдыздарының портретін қарындашпен қағазға түсіреді Қостанай емханалары құжаттарды заңсыз сұратып келген

Хабарланғандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне еліміздің ірі әуежайларында тексеру шараларының күшейтілгені жөнінде азаматтардан хабар түсіп жатыр.

«Бұл шаралар Қазақстан Республикасы авиация қауіпсіздігі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асып жатыр. Елімізде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейеді. Авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейген кезде аэровокзалдар ғимараттарына кіреберіс жерде тексерудің бірінші желісі орнатылып, әуежайлардың бақыланатын және бақыланбайтын аймақтарында патрульдеу жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Аталған шаралар 2019 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT