Қазақстан әуе транзиттеріне тартымды бола түсуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан әуе транзиттері үшін неғұрлым тартымды бола түсуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні азаматтық авиация саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетіп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша отандық авиакомпаниялар 11 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Өсу қарқыны биыл да сақталып отыр. Әуе транзиті де жоғары қарқынмен өсуде. Ағымдағы жағдайда Қазақстан әуе транзиттері үшін неғұрлым тартымды бола түсуде. Мәселен, 2022 жылы қызмет көрсетілген ұшу көлемі 410 мың ұшақты құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 90 пайызға көп», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, саланың негізгі стратегиялық міндеті - ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау.

«Азаматтық авиация саласын дамыту үш бағытта жүргізілуде. Бірінші - ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші - маршруттық желіні дамыту. Үшінші - инфрақұрылымды дамыту», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар