Қазақстан Әуе күштері «Әуе көпірі - 2018» халықаралық оқу-жаттығуына қатысып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштері өкілдері Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық авиациялық күштерімен бірге «Әуе көпірі - 2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Әуе көпірі - 2018» оқу-жаттығуларының ерекшелігі - ҰҚШҰ-ға мүше 6 елдің қарулы күштерінің әскери-көліктік авиациясын пайдалану арқылы мобильді күштерді ауқымды жұмылдыру болып табылады. Әуе арқылы 3,5 мың әскери қызметші мен 620 әскери техника тасымалданады.

Оқу-жаттығуларға ҰҚШҰ бірлескен штабы, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше елдердің - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерлері қатысып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар