USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан әуе компанияларының жолаушы тасымалдау қызметі 8,5%-ға төмендеді

2020 жылғы 17 қараша 12:17
Бөлісіңіз:
Қазақстан әуе компанияларының жолаушы тасымалдау қызметі 8,5%-ға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әуе компанияларының кірістері екі есеге төмендеді. Негізгі қысқарту жолаушылар тасымалы болды. Жолаушылар бір жыл бұрынғыға қарағанда 38%-ға, жүк пен жол жүгі 19%-ға аз тасымалданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы әзірленуде Алматыда жаңа 190 троллейбус сатып алынады Қазақстанда екі жылдан бері автокөлікпен жолаушы тасымалдау азайып келеді

Қазан айының қорытындысы бойынша әуе компаниялары жүзеге асырған жолаушылар тасымалы қызметтерінің бағасы бір айда 2,4%-ға және бір жылда 8,5%-ға төмендеген.

Ел өңірлері арасындағы ең арзан баға жыл көлемінде елордада (өткен жылғы қазанға қарағанда 36,9%-ға), Алматыда (28,8%-ға) және Шымкентте (28,7%-ға) тіркелді.

Еліміздегі 17 өңірдің 4-уінде баға өскен: Батыс Қазақстан (бір жылда 34,4%-ға), Атырау (13,1%-ға), Қарағанды (11,6%-ға) және Қостанай (4,5%-ға) облыстары.

Қазақстанның көптеген өңірінде COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны артты. Бір айда вирусты ең көп жұқтырғандар 2 қарашадағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.

Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік шекарада шектеу шараларын күшейтеді.

ВАК бірқатар шешімдер қабылдады: ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және ҚР азаматтарының отбасы мүшелері саналатын шетелдіктерге ҚР мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен асырмай (бұрын – 30 тәулікте) кесіп өтуге рұқсат етіледі;

2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим тоқтатылады;

2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуы тоқтатылады;

Түркиямен халықаралық әуе қатынасы аптасына 33-тен 20 рейске дейін қысқарады.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында еліміздің әуе компаниялары 4,4 миллион адамды тасымалдады – бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 38,2%-ға аз. Тиісінше қазан айында әуе тасымалдарын 621,5 мың жолаушы пайдаланды – бір ай бұрынғыға қарағанда 2,1%-ға артық. Алайда 2019 жылғы «коронавирусқа дейінгі» қазанмен салыстырғанда бірден 19,5%-ға аз.

Ағымдағы жылдың он айында жолаушылар айналымы жылына 2,1 есе қысқарып, 6,8 млрд жкм құрады. Қазан айында жолаушылар айналымы 917,2 млн жкм құрады – ағымдағы жылдың қыркүйегіне қарағанда 2,6%-ға және 2019 жылдың қазанына қарағанда 35,7%-ға аз. Жүк пен багаж әуе көлігімен 17,5 мың тонна тасымалданды – бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,5% - ға аз.

Қазан айында әуе тасымалдары ағымдағы жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 16,7%-ға және өткен жылдың қазанымен салыстырғанда 17,2%-ға қысқарып, 2,1 мың тоннаны құрады. Жүк айналымы 42,7 млн ткм құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 36%-ға аз. Қазан айында жүк айналымы бір айда 26,8%-ға және 2019 жылғы қазанмен салыстырғанда 53,5%-ға қысқарып, 3,6 млн ткм құрады. Әуе компаниялардың кірістері 154,2 млрд теңгені құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда ақшалай мәнде бірден 54%-ға аз. Табыстың 94,9%-ы жолаушылар тасымалына тиесілі: 146,4 млрд теңге, қысқару –жылына 2,2 есе. Тағы 5,1% жүк тасымалына келді: 7,9 млрд теңге, бір жыл ішіндегі өсім –11,8%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT