Қазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Junior Eurovision 2021 халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының мүшелері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасатын ең мықты 30 қатысушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келесі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды.

Ұлттық іріктеудің финалистері онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру 8 қазан күні сағат 00:00-де басталып, 12 қазанға дейін жалғасады.

Бұл кезеңде қазақстандықтар jevision.khabar.kz сайтында өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады.

Ұлттық іріктеудің финалында жас таланттар өз әндерін орындайды. Бұл кезеңдееліміздің композиторлары қатысушыларға арнайы ән жазады.

Әділқазы алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest Халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан қатысады.

Қазақстан аймағында Junior Eurovision Song Contest байқауының финалы «Хабар» арнасының эфирінде трансляцияланады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 819 өтінім келіп түсті.

19-шы халықаралық балалар байқауында Junior Eurovision Song Contest 19 ел: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина кездеседі.

Аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы - «Хабар» агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Биыл жобаны өткізуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.


Соңғы жаңалықтар