Қазақстан астықты контейнермен экспорттай бастайды
«Біз астық тасымалдаудың жаңа технологияларын енгізу бағытында да жұмыс жүргізудеміз. Мәселен, осы жылдың қазан айында «Құрық-Алят-Ахалкалаки-Карс-Мерсин» жаңа бағытында контейнермен астық тасымалдаудың ілкі жобасын жүзеге асырдық. Келешекте аталған бағытта ай сайын 10 мың тоннаға дейін астықты тасымалдау жоспарлануда», - деді Құлақов.
Оның айтуынша, ұн тасымалдаудағы проблема астық тасымалдауда туындайтын жайттармен бірдей десе де болады. Жалпы еліміз ұнының негізгі бөлігі Ауғанстанға тасымалданады.
«Ауғанстан бағытындағы логистика жеткізу жылдамдығының өте төмендігімен және Ауғанстанның Хайратон, Акин және Тургунди қабылдау стансаларындағы жүкті түсіру мүмкіншілігінің әлсіздігімен сипаталады. Себебі ауған тарабында вагондағы жүкті түсіру автоматтандырылмаған. Жүк түсіретін стансаларды тауарлар іркілісі де жиі орын алады», - деді ол.