Қазақстан Астана процесіне қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуін қабылдауға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Астана процесіне қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуін қабылдауға дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Сирия Үкімет мен оппозиция қатысатын Астана форматының одан әрі жалғасуын қолдаймыз. Келіссөздердің келесі раундына біз осындай келісім бердік. БҰҰ қамқорлығымен Сирияның конституциялық комитетін құру жөніндегі күш-жігерді қолдаймыз. Осы айдың соңында Астанада келіссөздердің 11 раундын өткізу жоспарланған. Қажеттілік туындаған жағдайда біз Астана процесіне қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуін өзімізде қабылдауға дайынбыз», - деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан және бүкіл Орталық Азия үшін Ауғанстандағы жағдайдың  тұрақталуы да зор маңызға ие екендігін баса айтты.

«Біз ол жақта болып жатқан процестерді байқап отырмыз. Талибан мен үкімет келіссөздер үстеліне отыруы үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз мұның табысқа жеткендігін қалаймыз», - деді ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың түзелуіне Қазақстан өз үлесін қосып келе жатқанын баса айтты.

«Біз ауғанішілік диалогты жолға қою жөніндегі барлық жұмыс форматына қолдау көрсетеміз», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар