Қазақстан әскерлері мыңдаған шақырымды еңсеріп, батысқа жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері бірнеше мыңдаған шақырымды еңсеріп, Маңғыстау облысына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері оқу-жаттығу өтетін аймаққа өз беттерімен жеткен. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлау, танктік және артиллериялық бөлімшелерін батысқа теміржол көлігімен алып барған. Ал 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасының десанттық-шабуылдау батальоны Қапшағайдан Ақтауға әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.

«Батыс-2018» оқу-жаттығуының сценарийі бойынша Қазақстанның батыс өңірінде заңсыз қарулы құрылымдардың әрекеттерінен жағдай ушығып кеткен. Осы мақсатта  өңірдегі тұрақты жағдайды қалпына келтіру үшін әскерлер түрлерінен топтама құрылды. Оған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлер қолбасшысы жетекшілік етеді.

Еске салайық, кеше ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығы бойынша Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамалары оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерілген еді.

Селекторлық режимде өткен кеңес барысында «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бірқатар әскери бөлімдеріне Қазақстанның батыс өңіріне топтасу тапсырмасы берілді. 

Соңғы жаңалықтар