Қазақстан әскерінің таулы бөлімшелері Эльбрус шыңын бағындырмақшы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы Қабардино-Балқар Республикасының аумағындағы «Эльбрус сақинасы-2019» байқауына дайындық кезеңдерінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайыс қабарысында әскери қызметшілердің жеке дайындығы жетілдіріліп жатыржәне бөлімшелерді үйлестіру, жеке құрамды жерсіндіру, қозғалыс маршрутынүйрену, тауларда құтқаруды ұйымдастыруды пысықтау бойынша сабақтар өткізілді.

Конкурс бағдарламасы әртүрлі. Сайыс барысында олар Эльбрус тауының шыңынашығып, таулы аймақтарда марш жасайды. Ойын үш кезеңде өтеді. Онда қатысушылар14 арнайы тапсырманы орындайды. Бірінші кезеңде қатысушылар 5 арнайы тапсырманыорындайды, оның ішінде, жеке өрмелеу сайысы, таулы жерде бағдарлау, байланғанкүйі өрмелеу, таудағы кедергілер жолағынан өту және топ құрамында оқ ату бар.

Біздің әскери қызметшілер Ресей, Өзбекстан, Үндістан және Мароккокомандаларымен күш сынайды.

Соңғы жаңалықтар