Қазақстан әскерилері 5 ғылыми патентке иелік етіп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Талғат Қалишевтің айтуынша, еліміздің әскери ғалымдары 5 ғылыми патентке иелік етіп отыр. Оның ішінде «Шағала» пилотсыз ұшу аппараты да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылы өзіміздегі оқу орындарын мақсаттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша грант конурсына қатыстыру үшін ғылыми жұмыс нысандары ретінде аккредиттеуден өткіздік. Осындай конкурстар шеңберінде 2018-2020 жылдары Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті 13 жоба мен 3 ғылыми бағдарламаны ұтып алды. Қазір ол жобалардың бәрі іске асырылған. Ғылыми зерттеулердің жарқын мысалы ретінде «Шағала» пилотсыз ұшу аппаратын айтуға болады. Өзінің техникалық сипаттары бойынша ол пилотсыз авиация саласындағы өзге жетекші өндірушілердің өнімінен кем түспейді», - деді министрлік өкілі.

Департамент бастығыны дерегі бойынша, Ұлттық қорғаныс университетінің базасындағы әскери-ғылыми взводтың құрамындағы 12 адам да түрлі ғылыми зерттеулерге қатысып жүр.

«13 ғылыми жоба мен 3 ғылыми бағдарлама аясында пайдалы модельдерді шығару бойынша 5 патент, 22 зияткерлік меншік және авторлық құқық куәлігі алынды. Шетелдік және отандық басылымдарда 240-тан астам ғылыми мақала жарияланды», - деді Талғат Қалишев.

Сондай-ақ, ол әскери білім беруді цифрландыру үшін e-intellect порталы жасалғанын еске салды.

«Қазір бұл бағдарлама барлық оқу орындарында пилоттық режимде қолданылып жүр. Бүкіл оқытушылар құрамы, курсанттар мен магистранттар осы порталды жүктеп алған. Қазір ол белсенді қолданылады. Алдағы уақытта тиісті сертификатын аламыз», - деді Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы.

Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Талғат Қалишевтің айтуынша, аталған мамандықты меңгерушілер көбіне іргелес мемлекеттерде білім алып жүр.

«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында, Беларусь, Армения, Қытай, Түркия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және бақа да елдерде Қазақстанның азаматтары әскери білім алып жатыр. Ол оқу орындарына түсу үшін Қорғаныс министрінің №371 бұйрығы бар. Биылғы қабылдау мерзімі тамыз айында болатынын айтқым келеді», - деді Талғат Қалишев.


Соңғы жаңалықтар