«Қазақстан аруы -2014» атағын алматылық Регина Вандышева жеңіп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақстан аруы-2014» байқауының қорытындысы белгілі болды. Сұлулық сайысында алматылық Регина Вандышева бірінші орынды иеленді.

Байқаудын финалдық сайысы бүгін Республика сарайында өтті. Биылғы байқаудың негізгі ерекшелігі ең сұлу қызды таңдау халықтың төрелігінің еншісіне қалдырылған болатын.

22 жасар Алматылық ару халықтық дауыс беруде 33 қыздың ішінен басым дауыс жинады. Ол сондай-ақ тәжден бөлек 1 млн. теңгені қанжығасына байлады.

Жеңіл атлетикадан спорт шебері Регина Қазақстанның атынан Әлем аруы байқауында бақ сынайтын болады.

Соңғы жаңалықтар