Қазақстан армиясының мергендері әлемде үздік атану үшін бақ сынайды

None
None
БЕЛАРУСЬ. ҚазАқпарат – Осы күндері Беларусь Республикасының «Брестский» полигонында V Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауына қызу дайындық жүруде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында ғана жеребе тастау өтті. Қазақстан командасы 20-шы, байқау қожайындары 18-ші, ал ресейлік команда бірінші болып өнер көрсететіні белгілі болды. Одан басқа, барлық қатысушылар қарудың және өзге де қажетті керек-жарақтың жиынтығын алып, сайысқа дайындықтың шешуші кезеңіне кірісіп кетті», - делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, командалар сайысқа жіберілу үшін полигонда жасақталған медициналық базада тексеруден өтті.

«Одан кейін байқаудың барлық кезеңдері барысында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар өткізілді. Байқауға қатысуға 21 елдің өкілдері ниет білдірді. Қызығушылық білдіру жағынан «Мерген шебі» байқауы «Танк биатлоны» жарысынан кейін екінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар