Қазақстан армиясына цифрлық офицерлер не үшін керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қазақстан армиясына цифрлық офицерлер не үшін керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, қазір әскерилердің цифрлық сауатын арттыру бағытында нақты шаралар қолға алынған.

«Саланы цифрландырудың тағы бір бағыты –цифрлық офицерлер. Олар Қорғаныс министрлігіндегі процестердің бәріне инжениринг жүргізеді. Одан кейінгі маңызды бір бағыт – киберқауіпсіздік. Цифрлық шешімдер дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық деңгейде киберқауіпсіздік қамтамасыз етілуі керек. Киберқауіпсіздік ақпараттық қауіпсіздік шараларымен синхрондалады», - деді Дархан Ахмедиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 2023 жылдан бастап «Әскерге тіркеу билеті» қолданыстан алынады.

«Мемлекеттік базалармен интеграция жасау арқылы Әскери билет рәсімдеу процесінің көлемі 2-3 есе азаяды. Одан бөлек Әскери билетке дейін Әскерге тіркеу билеті деген бар. Келесі жылы сол тіркеу билетін мүлдем алып тастағымыз келіп отыр. Мысалы, қазір 17 жастағы әскер қатарына шақырылмаған азаматтар медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін денсаулығына қарай қай әскери комиссариатқа тіркелгені айтылып, Тіркеу билеті беріледі. Бірақ келесі жылдан бастап осы процесті басқаша жасамақшымыз. Ондай ұғымның өзін алып тастаймыз. Әскерге тіркеу билеті деген болмайды», - деді министрдің орынбасары.

Фото : gov.kz


Соңғы жаңалықтар