Қазақстан, Армения және Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық мәселелері талқыланды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына ТМД-ға қатысушы мемлекеттер: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты.

Шара аясында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің Арменияның Қорғаныс министрі Сейран Оганянмен және Тәжікстан елінің Қорғаныс министрі Шерали Мирзомен екіжақты кездесулері болып өтті.

Кездесулердің барысында Қазақстан, Армения және Тәжікстанның қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери және әскери-техникалық салаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар