Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттағандар ұсталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттаған адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржы мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері елге кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың «сұр» импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі.
Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде Ресей астығын экспорттаған. Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында ол қазақстандық тауар ретінде көрсетілген. Бұған отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактуралары пайдаланылған және бұл 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әр адам сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасауда

кінәсіз деп есептеледі.


Соңғы жаңалықтар