Қазақстан арқылы өтетін транзиттік авиатрафик 9 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан арқылы өтетін транзиттік авиатрафик 9 пайызға төмендеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, транзиттік авиатрафиктің төмендеуі Еуропа мен Азия арасындағы әуе тасымалдары көлемінің азаюымен байланысты болып отыр.

 Министрдің сөзіне қарағанда, транзиттік ұшырылымдардың көлемін орындау үшін «ҚазАэронавигация» РМК-ға аэронавигациялық қызмет көрсетулерге тарифтерді реттеу құқы берілген.

  «Сонымен қатар, Қытаймен жалпы әуе дәлізін ауыстыру туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді. Бұл Қазақстанға тәулігіне 10 әуе кемелерін, яғни қосымша ұшырылым көлемін тартуға мүмкіндік береді. Оның экономикалық тиімділігі жылына 550 миллион теңгені құрайды», деді ведомсво басшысы.

 Министр еліміздің әуежайлары Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды жүзеге асыру үшін жаңа әуе компанияларымен келісімдер жасағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар