Қазақстан арқылы өтетін пилоттық жүк пойызы Үндістанға жөнелтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүктерді құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

« Қырық футтық контейнерден тұратын пилоттық пойыз белгіленген станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы 8 мың шақырымнан асады. KTZ Express Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытына жүктерді қайта бағдарлауды жеделдетуге ерекше назар аударады», - деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді.



Фото: railways.kz
Соңғы жаңалықтар