Қазақстан арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері тиелген пойыз жөнелтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері артылған пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында 41 контейнері бар пойыз он мың шақырымды енсереді. Пойыздың орташа жылдамдығы тәулігіне 1 мың шақырым.

«20 желтоқсанында жөнелтілген Қытайда шоғырландырылған Nippon Express жапондық компанияның жүктері тиелген бірінші контейнерлік пойызы қазіргі кезде жол үстінде.

Қазақстандық компания ұйымдастырған халықаралық контейнерлік пойыз Қытайдың Сиань қаласынан шығып «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портында қайта тиеліп Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Дуйсбург қаласындағы (Германия) белгіленген стансаға  бағыт алды», делінген хабарламада.

Келесі жылдан бастап Сиань-Дуйсбург контейнерлік сервисін тұрақты апта сайынғы негізге өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Қиыр Шығыстан Қазақстан арқылы Орталық Азия елдері мен Түркияға тестілік жүк тасымалы жасалады деп көзделіп отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар