Қазақстан Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалай сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арал мәселесін шешуге 1993 жылдан 2017 жылға дейін 900 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Парламент Мәжілісінің қабырғасында Арал мәселесіне қатысты өткен дөңгелек үстелде бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін Парламент Мәжілісінде бір топ депутаттар мен әртүрлі министрлік өкілдері Арал теңізінің тартылуы мәселесін талқылаған болатын.

«Арал өңірінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін заңнамалық реттеу» тақырындағы дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский аталмыш экологиялық мәселені шешу бағытындағы жұмыстар туралы әңгімеледі.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әрі тұрақты бақылауы бойынша 2005 жылы Көкарал су қоймасы салынған еді. Осының арқасында кіші Аралда су деңгейі көтеріліп, судың минерализациясы төмендеді», - дейді депутат.

Глеб Щегельский аталмыш жоба Бүкіләлемдік банктің қаржылай қолдауының арқасында іске асқанын еске салды. Арал теңізінің мәселесін реттеуге сонымен бірге БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕЫҚҰ, ЮНИСЕФ секілді халықаралық қауымдастықтар да атсалысқан.

«1993 жылдан 2017 жылға дейін Аралдың қазақстандық бөлігінде 905 млн теңге болатын 110 жоба жүзеге асырылды. Аталмыш қаражаттың үштен бірі донорлық қаражат екенін айта кету керек. Осы жұмыстардың арқасында теңіздің солтүстік бөлігін сақтап қалу мүмкіндігі туды. Кіші Арал атанған ол жерде қазіргі уақытта балық шаруашылығы жұмыс істеп тұр. Арал ауданының өзінде ғана 16 шағын өңдеу өнеркәсібі жұмыс істейді. Ол жерде жылына 8 мың тоннаға дейін балық ауланып, балықтың басым бөлігі экспортқа шығарылып жатыр», - деді Глеб Щегельский.

Фото: kazakhstan.orexca.com

Соңғы жаңалықтар