USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан АӨІСШК-ге тағы 2 жыл төрағалық еткісі келеді

2021 жылғы 12 қазан 13:55
Бөлісіңіз:
Қазақстан АӨІСШК-ге тағы 2 жыл төрағалық еткісі келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалығын ұзартуды ұсынды. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Инженерлік құрылыстардың едәуір бөлігі сейсмика талаптарына сай емес Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы Декларацияға қол қойылды Қазақстан және Өзбекстан Президенттерінің қатысуымен 15 құжатқа қол қойылды

«Бүгінде АӨІСШК диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау барынша айқын сезілетін деңгейге шықты. Форум 30 жылға жуық уақыттың ішінде толыққанды халықаралық ұйымға қажетті барлық атрибутқа ие», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Оның атап өтуінше, форумды қайта ұйымдастыру мүше мемлекеттерге Азиядағы сенім шараларын нығайтуда тиімді әдістерді ілгерлетуге мүмкіндік береді. Ортақ сын-тегеуіріндерді шешу үшін мүмкіндіктер мен құралдарды айтарлықтай кеңейтеді. Мемлекеттер арасындағы диалогқа сайыпты саяси серпін береді. Мүше елдерге сындарлық іс-қимылды қалыптастыруға жол ашып, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша келісілген әдістерді қамтамасыз етеді.

«Осыған орай АӨІСШК-ні трансформациялауды одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстан 2022-2024 жылдарғы АӨІСШК төрағасы лауазымына кандидатурасын ұсынады. Мүше мемлекеттер келесі мерзімге қазақстандық төрағалықты ұзартуды қолдайды деп үміттенемін», - деді Ақан Рахметуллин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT