+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстан америкалық компанияны сотта жеңді

2021 жылғы 25 қараша 11:50
Бөлісіңіз:
Қазақстан америкалық компанияны сотта жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы «Big Sky Energy Corporation» америкалық компаниясы бастаған төрелік процесті жеңді. Бұл туралы ҚазАқпарат Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Стати жеңілісін мойындады: ҚР Ұлттық қорының 530 млн доллар активіне салынған тыйым алынады Ақмола облысы ПД лауазымды тұлғалары 8 жылға сотталды Атырауда жыл басынан бері 42 адам жемқорлық бойынша сотталған

2021 жылғы 24 қарашада Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталығы (ИДРХО) жанындағы төрелік Трибунал «Big Sky Energy Corporation» американдық компаниясының бастамасымен болған Қазақстан Республикасына қарсы төрелік іс бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды. Талап арыздың сомасы 460,1 млн АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Трибуналды Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісімнің бұзылмағанына сендірді. Талапкердің талаптары толығымен қабылданбады.

Трибунал Талапкерді Республикаға төрелік шығындары төлеуді міндеттеді.

Төрелік талап арызды «Big Sky Energy Corporation» американдық компаниясы 2017 жылғы шілде айында ИДРХО ережелеріне сәйкес бастағандығын атап өтеміз.

Тыңдаулар 2021 жылғы 4-12 қаңтар аралығында онлайн форматта өтті.

Талапкердің негізгі шағымдары, Атырау облысындағы мұнай кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығы бар «Қожан» ЖШС компаниясындағы қатысу үлесін экспроприациялауға алып келген, мемлекеттік органдардың, Талапкердің айтуынша, заңсыз іс-әрекеттері болып табылады.

Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін ҚР Әділет министрлігі «Reed Smith LLP» заң фирмасымен бірлесіп білдіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT