+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қазақстан алты елге бензин экспорттауды көздеп отыр

2018 жылғы 26 желтоқсан 13:27
Бөлісіңіз:
Қазақстан алты елге бензин экспорттауды көздеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан алдағы айлардың ішінде Қырғыз Республикасы, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауғанстан елдеріне бензинді экспорттауды бастамақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғызстаннан бір апта бұрын жауап келді. Осы аптада немесе қаңтардың алғашқы онкүндігінде тиісті органдамен келісіп алсақ, менің орынбасарымды Қырғызстанға жіберетін боламыз. Қол қойса (...), ақпан айынан бастап Қырғызстанға экспортты бастаймыз. Осындай мәселелерді Армения және Беларусьпен де талқылап жатырмыз. Олардың өздері «бензинді сатып алайық» деп сұрап жатыр. Сондықтан, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттермен талқылану үстінде», - деді министр.

Сонымен бірге, Қанат Бозымбаев Еуразия экономикалық одағына енбейтін Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне де бензинді экспорттау туралы сөз қозғады. Министрдің айтуынша, құжат жұмыстары аяқталған жағдайда наурыз айынан бастап Өзбекстанға және Тәжікстан, Ауғанстанға бензинді тасымалдауға жол ашылады.

«Сондықтан, бұл мәселені бір екі айдың ішінде шешетін боламыз деген ойдамын», - деді Қанат Бозымбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT