Қазақстан Алматы қаласында қысқы олимпиадалық ойындар өткізуге ұмтылатын болады - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Алматы қаласында қысқы олимпиадалық ойындар өткізуге ұмтылатын болады. Бүгін елордада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының салтанатты тұсау кесері барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы, аталмыш клубтың құрметті Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Біз өз алдымызға амбициялы міндеттер жүктеп отырмыз. 2017 жылы универсиаданы өткізгеннен соң, біз қысқы олимпиадалық ойындар өткізуге үміткер ретінде ұмтылатын боламыз. Алматы қаласында бұған қатыстының барлығы дерлік істеліп жатыр. Жалпы, мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыруға үміттіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар