Қазақстан Алиментариус кодексі Мақсатты қорынан көмек алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Алиментариус кодексі Мақсатты қорынан көмек ала алады.

Бұл туралы бүгін Алиментариус кодексі комиссиясының 30-шы мерейтойлық сессиясында аталған комиссияның төрайымы Авило Очиенг Пернет айтты.

«Біз Кодекс аясында жүргізілетін жұмыстарға Кодекстің барлық мүшелерінің, әсіресе, дамушы елдердің тиімді қатысуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Дамушы елдердегі Кодекстің ұлттық құрылымдарының күшеюін қамтамасыз етуіміз қажет», - деді ол.

Авило Очиенг Пернеттің айтуынша, Еуропалық өңірдегі Кодекске мүше 9 ел комиссияның Мақсатты қорынан көмекке үміткер бола алады. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Македония, Молдава, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан.

Осы ретте комиссия төрайымы аталған елдерді мақсатты қордың әлеуетін пайдалануға шақырды.

Айта кетерлігі, Алиментариус кодексі әлемдік нарыққа шығатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын реттейтін, сонымен бірге «әділ сауда» шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тамақ өнімдеріне халықаралық стандарттарды әзірлейді. Алиментариус кодексі комиссиясын 1963 жылы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған. Комиссияға 186 ел мүше. Ал Қазақстан аталған ұйымға 2003 жылы кірген болатын.

Соңғы жаңалықтар