Қазақстан алғаш рет футбол фристайлынан әлем чемпионатына қатысуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық Нұрсейіт Досмағамбет футбол фристайлынан әлем бәсекесінде алғаш болып ел намысын қорғауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы күндері (11-16 қараша) АҚШ-тың Флорида штаты, Майами қаласында футбол фристайлынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ол — бүкіләлемдік фристайл қауымдастығы (WFFA) 11 жыл бойы ұйымдастырып келе жатқан ең танымал спорттық шара. Жыл бойы 50 ел өкілдері чемпионаттың іріктеу кезеңінен өтті.
Биылғы әлем чемпонатына алғаш рет Қазақстаннан Нұрсейіт Досмағамбет шақырту алды. Жерлесіміз үш дүркін футбол фристайлынан ел чемпионы, биылғы Ресейде өткен ашық чемпионаттың жеңімпазы, сондай-ақ бірнеше халықаралық турнирдің жүлдегері.
«Мен бұл спортпен 8 жыл бойы айналысып келемін. Күніне 4-5 сағатымды жаттығуға арнаймын. 2015 жылы Джакартада өткен Азия чемпионатына қатысып, үздік 10 фристайлер қатарынан көріндім. Мен футбол фристайлынан әлем чемпионатында алғаш болып ел намысын қорғап жатқыныма қуаныштымын. Биыл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды бітірдім, бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемеймін. Қазіргі күні елордада футбол фристайлынан өз мектебімді ашып, 20-дан астам баланы баулудамын. Жалпы елімізде футбол фристайлы спорт түрінің дамығанын қалаймын», - деді Нұрсейіт Досмағамбет.
- XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті
- Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді
- Алматылық құсбегі «Қансонар – 2020» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды
- Отыз үш мемлекеттің 300-ге жуық балуаны елордада өтетін Әлем біріншілігінде күш сынасады
-
Үш өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
-
Көкшетауда жеңіл атлектика манежі пайдалануға берілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам