+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді

2018 жылғы 23 мамыр 11:41
Бөлісіңіз:
Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ұлттық атом компаниясы әлемдік ядролық отын нарығына өз өнімдерін жеткізу географиясын кеңейте түсті.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы бразилиялық «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) компаниясына табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тендерде жеңіп шықты. Келісім шарттарына сәйкес Қазатомөнеркәсіп белгіленген мерзімде уран жеткізіп берді», - делінген хабарламада.

Айта кетрлігі, INB - Бразилияның ядролық отын өндіретін мемлекеттік кәсіпорны. INB қызметін елдің Ядролық энергия жөніндегі ұлттық комиссиясы (CNEN) мен Қоршаған орта және жаңғырмалы табиғи ресурстар институты, сондай-ақ АЭЖХА лицензиялап және қадағалап отырады.

Қазақстанның ұлттық атом компаниясының мәліметінше, аталмыш келісімшартқа қол қойылуы атом энергиясын бейбіт пайдалану жөніндегі қазақстан-бразилия ынтымақтастығын дамыту және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнімдерін өткізудің жаңа нарығын іздеу тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT