Қазақстан алғаш рет Азиадада үздік бестікке енбей қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қыркүйек - Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы жарыс күні. Қазақстандық спортшылар бүгін жарысты аяқтады, сондықтан ертеңгі күнгі ойындар біздің рейтингтегі орнымызды өсірмейді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Азиаданың жалпы медальдар саны бойынша Қазақстан 9-шы орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда өткен Азия ойындарының бәрінде Қазақстан үздік бестік қатарынан көрініп келген. Биылғы көрсеткіш бойынша 15 алтын, 17 күміс еншілеп отырмыз, бұл көрсеткіш те бұрнағы жылдарғы жетістіктердің ішіндегі ең төмен нәтиже болып тіркеліп отыр. Тек қола медаль саны бойынша (44) ғана өз рекордымызды жаңарттық.

Үздік үштік - Қытай, Жапония, Корея. Төртінші орында Азия ойындарын өткізген - Индонезия. ТОП-5-тікті Өзбекстан түйіндеп тұр. 

Соңғы жаңалықтар