Қазақстан әлемнің 105 еліне өз өнімдерін экспорттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан дайын өнімдер экспортын ұлғайтып келеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, жыл басынан бері автомобиль жасау 51,8%, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8%, қағаз өнімдері 15,3% және жеңіл өнеркәсіп 11% өсті. Дайын өнімдердің экспорты ұлғаюда. Жеті айда автомобильдер экспорты 7 есеге, ферросилиций 6 есеге, күнбағыс майы 1,7 есеге, титан құймаларының экспорты 20,5%-ке өсті. Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалды», - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.

Жеті айда сыртқы сауда айналымы 48,7 млрд долларды құрады.

«Экспорт 28,6 млрд доллар, импорт – 20,1 млрд доллар болған. Сауда балансының оң сальдосы 8,5 млрд доллар деңгейінде сақталуда», - деді Р. Дәленов.


Соңғы жаңалықтар