Қазақстан әлемдік ядролық нарықта негізгі ойыншылардың бірі бола алады

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан әлемдік ядролық нарықта  негізгі ойыншылардың бірі бола алады. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде  ядролық энергетика әлемдік баланста өзінің үлесін арттыруға қабілетті  және осы арқылы адамзаттың энергияға деген қажеттілігінің өсімін қамтамасыз ете алатын тұрғыда бірыңғай сипатқа ие. Болжам бойынша, 2050 жылы энергетикалық ядролық реакторлардың паркі үш есеге жуық шамада артатын болады. Осы орайда, Қазақстан жаһандық үрдістен тыс қалмайды. Табиғи уранның елеулі қорына және ядролық отын өндірісі компоненттерін  иемдене отырып, Қазақстан әлемдік ядролық нарықта әлеуетті түрде негізгі ойыншылардың бірі бола алады»,-деді министр форум барысында.

С. Мыңбаев еліміздің табиғи уранның қоры бойынша дүниежүзінде екінші мемлекет екенін еске салып өтті.

Соңғы жаңалықтар