Қазақстан алдағы үш жылда 45 ұшақ сатып алады
2022 жылғы 30 маусым 16:53

Қазақстан алдағы үш жылда 45 ұшақ сатып алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 9 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде әр әуе компанияның ұшақ сатып алу бойынша жоспары бар. Соған сәйкес 2025 жылға дейін 45-тен астам әуе кемесі алынбақ. Мысалы, биыл «Air Astana» мен «FlyArystan» компаниясы 2 әуе кемесін алды. 27 маусымнан бастап «Air Astana» және «FlyArystan»-ның кестесінде жаңа аэробус пайда болды. Сонымен қатар биыл жыл соңына дейін аталған 2 әуе компаниясы тағы 5 әуе кемесін сатып алмақ», - деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева ОКҚ-те өткен брифингте.

Оның айтуынша, биылғы жоспар бойынша 9 жаңа әуе кемесі сатып алынады.

Одан бөлек, брифинг спикері әуе жолаушыларын жиі толғандыратын рейсті кейінге шегеру немесе мүлдем болдырмауға қатысты түсінік берді.

«Белгіленген әуе рейсін кейінге қалдыру - амал қалмаған жағдайда қабылданатын шешім. Әуе компаниялары мүмкіндігінше жолаушыларын діттеген жерге жеткізгісі келеді. Кейде әуе рейстерін 8 немесе 12 сағатқа дейін кейінге шегеріп жатады. Көбіне рейстерді кешіктіру мен болдырмаудың себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты. Тұман, қатты жел, боран, тағы сол сияқты. Әуе рейсі кейінге шегерілген жағдайда компания жолаушыларға тиісті жағдайды жасауы тиіс. Айтар болсақ, басқа әуе рейстерін немесе басқа қала арқылы ұшып баруды ұсыну секілді. Егер жолаушы толық құнын толық қайтаруды талап етсе, онда талап 100 пайызға орындалуы тиіс», - дейді «SCAT» АҚ тұрақты кесте бойынша коммерциялық кешен директоры Николай Буряков.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT