Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ұлы ғалым әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында өткен шарада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталғанын айтты.


Мемлекеттік хатшы әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ұлы ғұлама мұраларын және біздің елдегі, сонымен бірге шетелдегі әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ оларды ғылыми қызмет саласына тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Құрметті қонақтар! Баршаңызды әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Бүгін университет қабырғасында әл– Фараби кітапхана– орталығы ашылды. Тұсаукесер барысында қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысты, оның шығармалары қойылған көрмені, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасына, Абай мен Алаш қозғалысының қайраткерлеріне, сирек кездесетін және құнды кітаптар қорына арналған сандық залды аралап көрді.

Алдағы уақытта әл-Фараби кітапхана – орталығы ұлы ойшылдың идеялары мен шығармашылығын насихаттайтын болады.


Соңғы жаңалықтар