Қазақстан АҚШ-тың сауда миссиясымен ынтымақтастықты кеңейтеді - Мамин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қазақстандық-америкалық бизнес форум өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, бұл АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы сауда миссиясы. Форум жұмысына АҚШ Сауда министрі Уилбур Росс пен  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысты.

«АҚШ - үздік инвесторлардың бірі саналады және елімізге 40 млрд доллардан астам қаржы құйды. Chevron, Exxon Mobil, General Electric сынды компаниялар біздің инженерия, энергетика салаларымызда жұмыс істеп жатыр», - деді форум жұмысын ашқан Асқар Мамин.null 

Сонымен қатар ол ағымдағы жылы Қазақстан АҚШ-тың сауда миссиясымен ынтымақтастықты кеңейте түсетіндігін айтты.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтардағы АҚШ-қа табысты сапары ынтымақтастығымызды кеңейтудің жаңа межесін белгілеп берді. Нәтижесінде құны 7 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойдық. Мәмілелер өнеркәсіп, қаржы, авиация, цифрландыру, мұнай химиясы өнеркәсібі сынды түрлі салаларды қамтиды. Біз жаңа достар мен серіктестер таптық», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.null 

Асқар Мамин  Қазақстан мен АҚШ Президенттері қабылданған стратегиялық серіктестікті кеңейту жөніндегі бірлескен мәлімдеме екі елдің экономикалары арасындағы сауда және инвестицияны одан ары кеңейту үшін негіз болды.

«Біз ынтымақтастықты кеңейту қарым-қатынасымызды серіктестік, ашықтық және сенім рухында дамытуға алып келеріне сенімдіміз. Қазақстанға салынған тікелей шетел инвестициясының 8 пайызы Америкаға тиесілі. Соның арқасында экономикамыздың өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. 2018 жылдың қыркүйегінде жалпы ішкі өніміміз 4 пайызға өсті және ол ұзақмерзімді кезеңде өсімін жалғастыратын болады», - деді ол.

Айта кетейік, форум жұмысында 20-дан астам америкалық компанияның басшысы, қазақстандық бизнес өкілдері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысуда.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барған болатын.

Соңғы жаңалықтар