+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстан, АҚШ пен Ұлыбритания қарулы күштері бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізеді

2013 жылғы 5 тамыз 15:18
Бөлісіңіз:
Қазақстан, АҚШ пен Ұлыбритания қарулы күштері бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізеді

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 10 тамызында Қазақстан, АҚШ пен Ұлыбритания елдерінің қарулы күштері бірлескен бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізеді. Бұл туралы дүйсенбідегі дәстүрлі брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, «Даладағы қыран» атты бірлескен бітімгершілік шараның басты мақсаты - бітімгершілік операцияларын басқару жұмыстарындағы тәжірибені шыңдау.

«Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестік пен 2006 жылдың 10 қаңтарында қол қойылған іс-қимылдардың жеке жоспары жөніндегі келісім аясында, сонымен қатар «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына сәйкес, Қазақстанда жыл сайынғы даладағы тактикалық арнайы бітімгершілік оқу жаттығулары өткізілмек. Шараға Қазақстан, АҚШ пен Ұлыбритания елдерінің Қарулы Күштері қатысатын болады», - дейді ресми өкіл.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT