Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын арттырды
2020 жылғы 16 наурыз 10:47

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын арттырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 пайызға ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға ұлғайып, 5,2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте мал шаруашылығы өнімін өндіру 4 пайызға артып, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру 2019 жылғы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты 1,7 пайызға төмендеді», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 41,1 пайызға артып, 501,6 млрд теңгені құрады.

«Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 пайызға ұлғайып, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Сапархан Омаров.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT