Қазақстан Адами капиталды дамыту индексінде 31-орында - Дүниежүзілік банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Адами капиталды дамыту индексінде 31-орынды, соның ішінде білім беру бойынша 10-орынды иеленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім беру тәжірибесі бойынша Дүниежүзілік банк басқарушысы Гарри Патринос мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірқатар мемлекетте өте төмен нәтижелерді көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Сингапур адами капиталды дамыту және білім беру бойынша ең жақсы нәтижелер көрсетуде.Қазақстан білім беруде - 10-орында. Әрине, бұл Қазақстан үшін өте жақсы көрсеткіш. Жалпы, Адами капиталды дамыту индексіне енген 157 мемлекет арасынан Қазақстан 31-орынды иеленді. Біз Қазақстан білім беру саласындағы түрлі тесттерге қатысқан 2012-2017 жыл аралығында өзгеріс динамикасын көріп отырмыз.  Еуропа мен Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырып, жақсы нәтижені аңғарудамыз», - деді Г.Патринос.

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ведомство Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, орта білім беру жүйесінде сапаны жоғарылату мен теңдікке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған «Орта білім беруді модернизациялау» жобасын ресми түрде іске қосуда.

Гарри Патринос серіктестерін білім берудегі әлеуметтік жобаның басталуымен құттықтап, оның Қазақстанда өз мақсатына жететініне сенім білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар