Қазақстан 600 тоннадан астам өнімді экспорттаушы елдерге кері қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Карантинге жатқызылған 600 тоннадан астам өнім экспорттаушы мемлекеттерге кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«6-20 қазан күндері Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеру барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заң бұзушылықтың 59 фактісі анықталды», - делінген мекеме хабарламасында.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан міндетті фитосанитарлық ілеспе сертификатынсыз өнім (жарма түрлері - 22 тонна, картоп - 83,5 тонна, банан - 20 тонна, кесілген ағаш дайындамалары - 74,5 текше метр) әкелу жағдайлары анықталды.

Қырғызстан Республикасынан міндетті фитосанитарлық ілеспе сертификатсыз өнім (алма және алмұрт 93,3 тонна, жүзім 21 тонна, қызылша 4 тонна) әкелудің 11 жағдайы тіркелген. 17 жағдайда (20,6 тонна құрма және анардан, 47,7 тонна алма және алмұрттан, 42,4 тонна кептірілген жемістерден, 60,1 тонна жүзімнен және 66,7 тонна картоптан комстоқ құрттары, Шығыс жемірі, картоптың алтын түстес құрты, азиялық жеміс шыбыны, картоп күйесі табылған.19 жағдайда өнім (10,5 тонна таңқурай және құлпынай, 37,2 тонна алма және алмұрт, 61,2 тонна жүзім, 12 тонна қара өрік, 2,9 тонна анар) таңбаланбай жеткізілген.

Одан бөлек, Қытай Халық Республикасынан 0,02 тонна мандарин міндетті фитосанитарлық сертификатсыз әкелінген.

Жоғарыда көрсетілген жалпы салмағы 605,12 тонна және 74,5 текше метр болатын карантинге жатқызылатын өнімдер экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар