+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстан 6 мыңға жуық туристі елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс ұйымдастырды

2020 жылғы 21 наурыз 17:39
Бөлісіңіз:
Қазақстан 6 мыңға жуық туристі елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет елдерде жүрген 6 мыңға жуық қазақстандық туристі елге қайтару үшін чартерлік рейстер ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ДДСҰ басшысы: Әлем халқының 70% -ын вакциналаған кезде ғана пандемияны жеңуге болады Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда артта қалған оқушыларға қолдау көрсетуді сұрады Коронавирус: 12 өңір - «жасыл аймақта»

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Дастан Рыспеков айтып берді.

18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік опеторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған.

«Үш күнде оларды елге қайтару бойынша 14 чартерлік рейс жасалып, 2 818 адам елге қайтарылды. Жалпы 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған. Енді 1022 туристі қамтитын 5 рейс қалып отыр. Бүгін кешке және түнде 733 жолаушыны әкелетін 4 рейс жоспарланған», - деді Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, тұрақты рейстермен 1879 адамның 1695-і Қазақстанға қайтып келді. Қазіргі уақытта шетелдегі 379 азаматты қайтару қалды, оның 319-і 23 наурызға дейін Ресей арқылы транзитпен қайтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT