Қазақстан 2035 жылға дейін қалай дамиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі сарапшылар таяуда форсайттық зерттеуді іске қоспақ. Нәтижесінде 2035 жылға дейінгі еліміздің болашақ бейнесін жобалау, жекелеген тақырыптар бойынша қоғамның даму көріністері мен сценарийін жасау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай ірі зерттеу жұмыстарына жетекші сарапшылар қатысады. Сарапшылар құрамында «BTS Digital» білім беру орталығының жетекшісі Саясат Нұрбек, «Халықаралық құзыреттілік академиясы» директоры Лейла Асылбекова, «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы жетекшісінің орынбасары Евгений Виноградов, «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығының аға сарапшысы Ескендір Ақылбаев, «Education for All» инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Камила Роллан және басқа да мамандар бар.

Форсайт Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» бастамасымен 2020 жылдың соңына дейін келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Қазақстандық бейнені қалыптастыру», «Қазақстан халықаралық аренада» және «Инклюзивті дүниетаным мен инклюзивті қоғамды қалыптастыру».

«Рухани жаңғыру» талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы Гүлмира Сұлтанғазының айтуынша, форсайт – бүгінгі күні болашақпен жұмыс жасаудың тиімді әдістерінің бірі. Бұл қоғамдық сананы жаңғырту саласында алғаш рет қолданылатын елдің болашақ дамуының өзара қолайлы бейнесін жасауға мүдделі барлық акторлардың коммуникациясын қамтамасыз етеді.

«Интеллектуалды технология ретінде форсайт біздің болашағымызға тікелей әсер ететін және аталған «мүмкіндіктер терезесін» жасайтын әлемдік және жергілікті трендтерді талдауды көздейді. Біз болашаққа қарап, қатерлер мен кернеу тораптарын және т. б. көріп, тиісінше, бүгінде қоғамның одан әрі дамуына қажетті жағдай ретінде қоғамдық сананы жаңғырту тиімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа форматтар мен шешімдерді құруға, бастамашылық жасауға тиіспіз», - деп атап өтті Гүлмира Сұлтанғазы.

Талдаушы зерттеу нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша қоғамның даму сценарийлері үш деңгейде ұсынылатынын атап өтті. Олар: ең жақын — 2025 жылға дейін, орташа — 2030 жылға дейін және қашық — 2035 жылға дейін. Болжамдар дамудың пессимистік, шынайы және оптимистік сценарийлерін қамтиды. Форсайттың қорытындысы ұжымдық іс-қимыл жоспары болып табылатын жол картасы деуге болады.

«Біздің форсайтымыздың күрделілігі, оны әлсіз және нашар зерттелген қоғамдық сана саласында өткіземіз. Осы технологияны қолданудың халықаралық тәжірибесі бізге сананың форсайтына ұқсас бола алмайды. Бұл тұрғыда біздің форсайт шын мәнінде бірегей болып табылады», - дейді «Рухани жаңғыру» қызметкері.

Форсайттың бірінші сессиясы маусым айында онлайн-форматында өтеді. «Карантин біз үшін байқауға айналды және біз іс-шараны өткізудің барлық әдіснамасын қайта жазып алдық», - деп қорытындылады маман.

Форсайттық зерттеулер жұмысына сыртқы саясат саласының, білім беру мен инклюзивті білім беруді дамыту саласынының отандық және халықаралық жетекші сарапшылары мен практиктері қосылған.




Соңғы жаңалықтар