Қазақстан 2030 жылға таман парниктік газды 15 % қысқартуды мойнына алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін халықаралық сарапшылар климаттық өзгерістер бойынша Орталық Азия аймағы конференциясында бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында  Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты  өкілі Ато Браун Бүкіләлемдік банктің енді мұнай мен газ өндірісіне ақша салмайтынын мәлімдеді.

«Әлем тез өзгеріп келеді, біз сол өзгерістерге бейімделуіміз керек.  Банк Парижде енді өнеркәсіптік өндіріске ақша салмайтынын мәлімдеді. 2019 жылдан бастап банк климатқа қатысты жобаларға инвестиция салады. 2020 жылға таман біздің несие портфеліміздің 28%-ы климат жобаларына бағытталады», - Ато Браун.

Қазақстан да әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде  Париж келісімін ратификациялаған болатын.

«Қазақстан 1990 жылдан 2030 жыл аралығында парник газын 15%-ға азайту туралы міндетті өз мойнына алды. Бұл міндетке өндірісте үздік технологияларды, балама энергетика көздерін енгізу арқылы мүмкін болмақ», - деді ҚР Энергетика министрлігінің Климаттық өзгеру департаментінің директоры Олжас Ағабеков.

Климатолог мамандар Орта Азиядағы климат жақын арада үлкен өзгерістерге ұшырайтынын айтты.

Орта Азия елдерінің аймақтық экологиялық орталығының директоры Искандар Абдуллаевтың айтуынша, климаттық өзгерістердің салдары су ресурстарынан көрініп жатыр.

«Ғаламдық масштабта ауа температурасы 4 грдусқа көтерілген жағдайда су ресустарының тапшылығы пайда болады. Аймақтағы мұздықтардың үштен бірі еріп кеткен. Ауа температурасы 2 градусқа жеткен жағдайда мұздықтардың 50%-ы ериді. 4 градуста 78% мұздықтардан айрыламыз», - деді орталық директоры Искандар Абдуллаев.

Сонымен қатар мамандар Арал, Балқаш өңірлерінің экологиялық ахуалы, жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар