Қазақстан 2030 жылға қарай экотуристер санын 12 миллионнан асырмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 2030 жылға қарай экотуристер санын 12 миллионнан асырмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 қарашаға дейін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған Биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманың жобасы әзірленеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар министр экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне тоқталды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық парк бар. 2019 жылы келушілер саны 1,5 млн адам болды. Бүгінгі күні ұлттық парктерде көлік үшін жабдықталған тұрақтарға, кемпингтерге, жаңа санитарлық кабиналарға аса қажеттілік байқалады. Біз халықаралық тәжірибе негізінде бағдарлар мен соқпақтарды жетілдіруді қарастырудамыз. Осының аясында қазіргі заманғы визит-орталықтар, медициналық пунктер, кемпингтер, этноауылдар және басқаларын құру көзделіп отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осыған байланысты тиісті шетерлік-жоспарлар әзірленуде. Олар жұртшылықпен талқылану үстінде. Сонымен қатар жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Экотуризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды мүмкіндіктері есептелді. Жеке инвестициялар көлемі 70 млрд теңгеге жетеді. Туристер ағыны 1,5 млн-нан 12 млн-нан астам адамға дейін ұлғаяды. 12 мың қосымша жұмыс орны құрылатын болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар