Қазақстан 2025 жылға дейін көмір өндірісін 70-тен 40,3% дейін азайтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Париж келісімі аясында Қазақстан 2025 жылға дейін көмір өндірісін 70%-дан 40,3%-ға дейін қысқартады. Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көрсетілген жоспарларды іске асыру электр энергиясын генерациялау құрылымында мынадай өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, көмір өндіру үлесі 70 пайыздан 40,3 пайызға дейін төмендейді. Екіншіден, газ генерациясы 20 пайыздан 38 пайызға дейін ұлғаяды. Үшіншіден, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3 пайыздан 15 пайызға дейін артады», - деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, бұл Қазақстанға Париж келісімі бойынша жасалған міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беріп, 2060 жылға қарай одан әрі декарбонизациялау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізі қаланады.

Сондай-ақ, Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында еліміздің солтүстігі мен шығысындағы облыстарды газдандырудың екі жолы қарастырылып отырғанын айтты.

«Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Семей, Павлодар қалалары бүгінгі таңда газдандырылмаған. Сонымен қатар, аталған қалаларды газбен қамтамасыз етудің келесідей жолдары бар. Атап айтсақ, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру немесе Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын тарту. Жыл соңына дейін «Газпром» мен «ҚазТрансГаз» еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша есептеу жүргізіп, тиімді нұсқасын әзірлейді» - деді министр.


Соңғы жаңалықтар