+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қазақстан 2023 жылға қарай дәрі-дәрмек экспортын 4 есеге арттырмақ

2021 жылғы 13 қаңтар 16:44
Бөлісіңіз:
Қазақстан 2023 жылға қарай дәрі-дәрмек экспортын 4 есеге арттырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47% - ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 134 дәріге шекті баға енгізілді Маман лифтілерді пайдаланудың талабына қатысты кеңес берді Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады

Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды. Мысалы, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемін 2 есеге арттырды. Бұдан бөлек, компания соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік заттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Өнімдер Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және Қырғызстан сияқты елдерге экспортталады.

Сонымен қатар биыл Өзбекстан нарығын игере отырып, экспортты екі есеге арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек, маңызды бастамалардың бірі Еуропалық одақтың дәрілік нарығына шығу көзделген. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 4 есеге, яғни 16 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бүгінде кәсіпорынның 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік заттардың атаулары бар, ал бұл отандық өндірушінің оннан астам емдік топтарда ұсынылғанының көрсеткіші.

Сондай-ақ, «Dolce-Pharm» фармацевтикалық компаниясы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Кәсіпорын шығарылатын өнім көлемін 5 есеге арттырды. Кәсіпорын 1998 жылы құрылды және 23 жыл ішінде бір рет қолданылатын ММБ өндіру саласында ұлттық көшбасшы атанды. Бүгінде компания түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады. Өндірістік кешен Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқан, онда 450 адам еңбек етеді. Зауытта 6 өндірістік цех бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT