+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді

2019 жылғы 17 маусым 15:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген бұрынғы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикада 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 сыныптарда «Назарбаев» зияткерлік мектептері тәжірибесіне сәйкес әзірленген орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4, 9 және 10 сыныптар, ал 2020-2021 оқу жылында 11 сынып көшетін болады. 2021 жылы білім берудің жаңартылған мазмұны толықтай енгізілгеннен кейін 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жоспарланған», - деп атап өтеді ол.

Оның атап өтуінше, 12-жылдық білім беруге көшу құрылымы бастауыш мектептерде оқу мерзімінің 1 жылға (1-5 сыныптар) ұлғаюы, негізгі орта және жалпы орта білім беру мерзімдерінің сақталуы есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 12 жылдық білім беруге көшудің аталған құрылымы Қазақстандағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген.

«12-жылдық білім беруді енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр. Қазақстандағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу жоспарларына тиісті өзгертулер енгізіледі», - деді К.Шәмшидинова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT