Қазақстан 2020 жылғы «Junior Eurovision» байқауына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан биылғы 29 қарашада Польшада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанды байқауға үшінші мәрте қатыстыру туралы шешім Еуропалық хабар тарату одағында өткен жасырын дауыс беруден кейін қабылданған.

«Қазақстанның сайысқа қатысуға мүмкіндік алуы еліміздің ең ірі медиа холдингі саналатын «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуының арқасында мүмкін болды», - деді «Хабар» арнасынан.

Еске салайық, 2018 жылы Данелия Тулешова «Өзіңе сен» әнімен сайыста алтыншы орынды алған болатын. Өткен жылы «Арманыңнан қалма» әнін орындаған Ержан Максим екінші орынға (қазылар алқасының шешімімен – бірінші) қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар