Қазақстан 2015 жылдың қорытындылары бойынша ресейліктердің ТМД-дағы ең танымал туристік бағыттарының үштігіне кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Travel.ru туристік қызметі ресейлік туристерінің 2015 жылы ТМД және таяу шетел елдеріндегі ең танымал туристік бағыттарын анықтады.

Рейтинг ресейлік азаматтардың 2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін қонақүйлерде тұру үшін бронь мәліметтері бойынша құрылған.
Travel.ru-дың ақпаратынша, өткен жылы өздігінен саяхаттайтын ресейлік туристердің ТМД елдеріне сапарларының саны 20 пайызға өскен.

2015 жылы туристер арасында ТМД және таяу шет елдерінің үздік «ондығына» Беларусь, Қазақстан, Украина, Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстан кірді.

Travel.ru-дың мәліметтерінше, 2015 жылы ресейлік туристер ТМД және таяу шетелдерінің ең танымал қалаларының бірінші ондығына Минск, Алматы, Киев, Тбилиси, Ереван, Баку, Астана, Витебск, Ташкент және Брест кірген.

Ресейліктер Қазақстанға орташа алғанда үш күнге келіп, қонақүйде тұру үшін Алматыда тәулігіне 80 доллардан астам, Астанада - 100 доллардан астам төлеген.

Oktogo.ru қонақүйлерді брондау сайтының мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің астаналарында 2015 жылы туристің тұруы үшін ең арзан қонақүй Бішкекте (тәулігіне 15 доллар), ал ең қымбаты - Бакуде (тәулігіне 120 доллардан астам) болған.

Соңғы жаңалықтар