Қазақстан 2014 жылы 62,4 млн. тонна мұнайды экспорттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2014 жылы 62,4 млн. тонна мұнайды экспорттады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник мәлім етті.

«Өткен жылы мұнай экспорты көлемі 62,4 млн. тоннаны құрады, оның ішінде 35 млн. тоннасы Каспий құбыр желісі консорциумы құбырының негізгі экспорттық жүйесі бойынша»,- деді ведомство басшысы. В. Школьниктің сөзіне қарағанда, мұнай тасымалының көп векторлы жүйесін дамыту жалғасуда. Ол өз кезегінде энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, тасымалдау бағдарларын әртараптандыруға бағытталған.«Сонымен қатар Каспий құбыр желісі консорциумы мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту жолымен жылына 28 миллион тоннадан 60 миллион тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық қатысуды жылына 52 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалданады. Сондықтан да біз Қашағанда өндірілген мұнай тоқтаусыз және тиімді түрде әлемдік нарыққа тасымалдануына дайындалудамыз. Өткен жылы 88 шақырым құбырды ауыстыру бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары, Теңіз-Атырау мұнай құбырын пайдалануға беру тұрғысында шаралар аяқталды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар